Көкшетау қаласы тұрғындары арасында айрықша қоғамдық пікір қалыптастырған бұл оқиғаның нүктесі Ақмола облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық сотының қорытынды мәжілісінде қойылды.
Қаладағы жоғары техникалық мектебінің оқушысы В. ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабының 2-бөлімі «ж» тармағымен, бұзақылық әрекеті барысында өз ұстазына ауыр жарақат салғаны үшін айыпты деп танылды. Сөйтіп, ол сот үкімімен бес жылға бас бостандығынан айырылды. Енді оқушы айыбын жалпы режімдегі тәрбие колониясында өтейтін болады.
Көкшетау қаласы прокурорының жәбірленушінің мемлекет тарапынан емделу шығындарына қатысты талабы өтелді. Ал, мұғалімге моральдық нұқсан келтірілгеніне байланысты 1 миллион теңге өтем ішінара қанағаттандырылды. Бұған қоса, облыстық білім басқармасының атына қылмыстық заң бұзушылықтың себеп-салдарын анықтап, тиісті шара қолдану жөнінде жеке қаулы шығарылды.
Сот оқушының мұғалімді қатты соққыға жыққандығы, осының салдарынан еденге басымен құлап, есінен танғанын анықтады. Сондай-ақ, жәбірленушінің ауыз қуысының сүйегі және екі тісі сынып, миы шайқалған. Қазіргі күні ол төсек тартып жатыр, сол жақ денесі ғана қозғалатындықтан өзгенің көмегіне мәжбүр.
Кикілжің мұғалімнің сабақ барысында В-ға жасаған ескертпесінен туындаған екен.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48